Қазақстан Оңтүстік Африка инвесторлары үшін есік ашады

9922
Фотосурет: Gov

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Оңтүстік Африка кәсіпкерлеріне таныстырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оңтүстік Африка астанасында Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне және шетелдік әріптестермен экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған дөңгелек үстел барысында Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов еліміздің экономикалық жетістіктері мен шетелдік инвесторлар үшін перспективаларын таныстырды.

Дипломат Қазақстан бизнес пен өсу үшін бірегей мүмкіндіктерін ұсына отырып, ежелгі дәстүрлер мен заманауи инновацияларды біріктіретін Еуразия кеңістігіндегі негізгі экономикалық орталықтардың бірі ретінде дамуын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Қатысушылардың назарын еліміздің жоғары кредиттік рейтингі, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ басқа да салалардағы елеулі инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат қызықтырды. Қазақстанның стратегиялық және географиялық орналасуы Шығыс пен Батыс арасындағы қолайлы логистикалық бағыттарды қамтамасыз ететіні аталып өтті.

Іс-шараға Оңтүстік Африка бизнес-топтарының өкілдері, жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып, Қазақстан ұсынып отырған ынтымақтастық мүмкіндіктерін оң бағалады. Сондай-ақ озық даму бағдарламалары, оның ішінде жасыл экономиканы және цифрландыру перспективалары туралы ақпарат қызығушылық тудырды.

Іс-шараға қатысқан кәсіпкерлер Қазақстанмен ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін, елдің стратегиялық орналасуын және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктерін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -