COP 29: Қазақстан ЖЭК және сутегі энергетикасы бойынша өршіл жоспарларын таныстырды

5379
Фотосурет: Gov

Бакуде COP29 аясында «Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Баку қаласында СОР29 Энергетика күні аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Жасыл энергетика және инновациялар: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» панельдік сессиясын өткізді.

ҚР Энергетика вице-министрі С.Есімхановтың төрағалығымен іс-шараға қатысушылар Қазақстанның жасыл энергетиканы дамыту, елдің энергетикалық балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің, атом және сутегі энергетикасының үлесін арттыру жөніндегі мақсаттары мен перспективаларын, сондай-ақ метанның антропогендік шығарындыларын азайтуға бағытталған мемлекет қабылдайтын шараларды талқылады. Үкіметтің «жасыл қаржыландыруды» тарту үшін қабылданып жатқан шаралары талқыланды. Панельдік сессияға «Masdar», «ЕҚДБ» және «Азия даму банкі» компаниялардың өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, ҚР Энергетика вице-министрі Қазақстанның сутегі бастамасына (Hydrogen Breakthrough Agenda) қосылуы туралы жариялады, бұл биылғы жылы қабылданған Сутегі энергетикасын дамыту тұжырымдамасын және Қазақстанның батысында «Svevind» неміс компаниясымен сутегі бойынша бірлескен жобаны іске асыру жөніндегі жоспарларды ескере отырып, елдегі сутегі энергетикасының дамуына ықпал ететін болады. 

С. Есімханов жасыл энергетика саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның тұрақты дамуға бейілділігін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Энергетика вице-министрі Б.Ілиястың төрағалығымен Әзірбайжан, ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттік (Irena), Азия Даму Банкі және АҚШ сауда министрлігі ұйымдастырған сессияларға қатысты, сессия барысында инновацияларды енгізу және «жасыл» энергетика секторына инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі энергияға өту және метан жөніндегі мақсаттарды ұйымдастыруды қолдады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -