Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері Испанияның Херес-де-ла-Фронтера және Мадрид қалаларында "Air Аѕтаnа" АҚ үшін "Flight Training Europe Jerez" шетелдік авиациялық оқу орталығы жүргізетін MPL көпмүшелі экипажының ұшқыштарын бастапқы даярлау бағдарламасына бағалау жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Құрамына ҚАӘ лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов, авиация инспекторлары Мадияр Қаражанов, Андрей Круглов және Иван Бабич кірген комиссия «Multi Crew Pilot`s License Integrated Course» бастапқы даярлау бағдарламасын іске асыру үшін пайдаланылатын оқу процесін іске асыруға және ұшу қауіпсіздігін басқаруға қатысты сапа менеджменті жүйесінің рәсімдерін, нұсқаушылардың құжаттамасын, біліктілігін, ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын тексерді.
Авиациялық оқу орталығы теориялық, тренажерлік және ұшу дайындықтарын қалай жүзеге асыратынын көрсетті. Комиссия мүшелері теориялық дайындық бойынша ашық сабаққа, FSTD A320 және DA42 қолданатын тренажер сессияларына және Piper Warrior II бір моторлы ұшағында ұшу жаттығуларына қатысты.
Бағдарламаны бағалау нәтижесінде комиссия "Air Аѕтаnа" АҚ үшін шетелдік авиациялық оқу орталығының оны одан әрі іске асыруы мақсатында бағдарламаны келісу мүмкіндігі туралы қорытынды жасады.
MPL ұшқыштарын оқыту халықаралық қоғамдастық мойындаған үздік тәжірибенің бірі. Жаңа MPL ұшқыштарды даярлау бағдарламасы Air Astana компаниясының процедуралары мен стандарттарын ескере отырып, талаптарын жүзеге асыру үшін арнайы әзірленген болатын.
Үміткерлер оқытудың алғашқы сатыларынан бастап A320 тренажерларындағы көпмүшелі экипажы жағдайында жаттығады. Бұл өз кезегінде ұшқыштарды дайындаудың сапасы мен өзектілігін арттырады және оқытудың жалпы уақытын қысқартады, өйткені MPL бағдарламасы студентті әуе компанияның қолданыстағы әуе кемесінің түріне үйретеді. Аталған көрсеткіштер Integrated ATPL-ге қарағанда MPL ұшқыштарын бастапқы даярлаудың жаңа бағдарламасының артықшылығы болып табылады.
"Flight Training Europe Jerez" авиациялық оқу орталығы 20 жылдан астам жұмыс істейді және өзін әуекомпаниялардың ұшқыштары мен курсанттарына арналған ATPL оқыту бағдарламаларына маманданған Еуропадағы жетекші және эксклюзивті ұшу дайындығы ұйымдарының бірі ретінде танытты. Авиациялық оқу орталығы "Aer Lingus", "British Airways", "BA Cityflyer", "Easyjet", "Iberia", "Vueling" және т.б. әуекомпанияларға ұшқыштар дайындады.