Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.