Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың серб әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмелерімен танысты.


Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
