"Born Bold" Түркиядағы мыңдаған қазақстандық студенттерді біріктіреді

14256
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Ыстанбұл және Анталиядағы Бас консулдықтары «Born Bold» науқаны аясында Түркияда білім алып жатқан мыңдаған қазақстандық жастардың басын қосты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиында Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасы, инвестициялық әлеуеті, әлеуметтік өзгерістері және инновациялық қадамдары, соңғы жылдардағы мемлекеттің жетістіктері мен мақсаттары жан-жақты таныстырылды. Жастарға «Born Bold» пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында садақ ату, асық ату, тоғыз құмалақ, арқан тарту, қазақ күресі сынды дәстүрлі спорт түрлері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жыл сайын қазақстандық студенттер арасында дәстүрлі түрде өтетін футбол турнирінде Түркияның 16 провинциясынан келген командалар бақ сынасып, нәтижесінде Измир провинциясынан Измир командасы жеңімпаз атанды.

Аталған іс-шараға Сакария провинциясының Губернаторы, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы, Сакария Жастар және спорт басқармасының жетекшісі, Сакария университеттерінің ректорлары мен бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл жастардың бойында «Born Bold» менталитетін қалыптастырып, оларды елдің жарқын болашағын бірге құруға белсене атсалысуға шақырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -