2023 жылғы 25 қарашада Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық саясат департаментінің бұрынғы басшысы Комил Алламжоновқа қастандық жасауға қатысы бар қосымша тұлғалардың ұсталғанын хабарлады. Қылмыс 26 қазанда орын алған болатын.
Akipress
«Жүргізілген тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл қылмысты жасауға жалпы саны жеті адамның қатысы бар екені анықталды. Олардың бесеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, ал екеуі іздеуде жүр» Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы
Фигуранттар арасында Оңтүстік Кореяда ұсталып, еліне экстрадицияланған Өзбекстан азаматы Жавлон Юнусов бар.
Сонымен қатар, іздеуде жүрген К.С. есімді айыпталушының Қазақстан Республикасында жасырынып жүрген жері анықталып, оның қатысуымен тергеу шаралары жүргізілді.
Айта кетейік, жақында Өзбекстан құқық қорғау органдарының кейбір лауазымды тұлғалары, соның ішінде Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің төрағасы қызметінен босатылған болатын. UzA деректері бойынша, бұл отставкалар Комил Алламжоновқа қастандық жасау ісіне байланысты жүзеге асырылған.