Ватикан Қазақстанға алғысын білдірді

5280
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Қасиетті Тақ Хатшысының орынбасарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов Қасиетті Тақтың Мемлекеттермен байланыс жөніндегі хатшысының орынбасары Мирослав Ваховскимен кездесу өткізіп, тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтарда Ватиканға жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға елеулі серпін бергенін атап өтті.

Осыған орай М. Ваховски Қазақстан тарапына Қасиетті Тақ жанындағы елшіліктің ашылуы үшін алғыс айтып, Ватиканның медицина, ғылым және зерттеу салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ ол қазақ дипломатына мандатының аяқталуына байланысты алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Қ. Саржанов Қазақстанның қайырымдылық, әділеттілік, ынтымақ пен жанашырлық идеалдарына негізделген Католик шіркеуінің ғаламдық көзқарасын бөлісетінін және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -