"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, Xi ' an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. (ҚХР), "Славтранс-Сервис" АҚ (РФ) РФ Президенті В.Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Келісімге қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тараптар Селятино станциясында (Мәскеу облысы, РФ) CRK Terminal көліктік-логистикалық орталығын салу бойынша уағдаластықтарды бекітті. Сондай-ақ Сиань (ҚХР) – Достық/Алтынкөл (ҚР) - Селятино (РФ) маршрутында бірыңғай цифрлық платформаны бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.
Жобалар елдің экспорттық және транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған. Терминал құрылысы мен цифрлық платформа ҚХР-ҚР-РФ бағытында тиімді және жылдам жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ электрондық сауданы дамытуға ықпал ететін болады.