Рождестволық базардағы "Бір ауыл - бір өнім"

4180
Фотосурет: KazAID

KazAID-тің көмегімен "Атамекен" жобасының өнімдері ҚР СІМ қолдауымен дипломаттардың жұбайлары қауымдастығы ұйымдастырған дәстүрлі рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесінде ұсынылғанын мақтанышпен хабарлаймыз, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жәрмеңкеде "Бір ауыл - бір өнім" жобасы аясында өңірлерден келген қазақстандық әйел кәсіпкерлердің қолдан жасалған бұйымдары ғана ұсынылды:

- Қызылорда облысы мен Астана қаласынан киізден жасалған бұйымдар
- Арал қаласынан түйе сүтінен жасалған сабын
- СҚО мен Жетісу облысынан өсімдік сабыны
- СҚО-дан бал өнімдері және балдан жасалған косметика
- Қостанай облысынан косметикалық өнім
- Қарағанды облысынан қыштан жасалған әшекейлер
- ШҚО Алтай шөптерінен алынған бал

Бұл жәрмеңке 15-ші рет өтіп 30-дан астам шетелдік елшіліктерді, 20-ға жуық ҮЕҰ мен 80 демеуші компанияларды жинады. Ұйымдастырушылар сапарлар, техника және сертификаттар сияқты бағалы сыйлықтармен лотерея дайындады.

Барлық түскен қаражат қайырымдылық жобаларына бағытталады.

Жергілікті өндірушілерді қолдай отырып, біз Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін нығайтып, мәдениетімізді халықаралық аренада ілгерілетеміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -