Қытайдан литий-ионды батареялары бар сынақ рейсі ТМ бойынша басталады

4829
Фотосурет: Gov

ТХКБ дәлізі бойынша Қытайдан литий-ионды батареяларды тасымалдау көзделіп отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

 

Биылғы жылдың 5 желтоқсан күні Қытай Халық Республикасы астанасы Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Лю Вэй арасында келіссөздер өтті.

🔵Кездесу министр Марат Қарабаевтың Бейжіңге жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.



Кездесу барысында қазақстандық ведомство басшысы Лю Вэй мырзаны Қытайдың жаңа көлік министрі қызметіне кірісуімен құттықтап, көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Тараптар теміржол және автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау көлемінің айтарлықтай ұлғайғанын, елдер арасындағы рейстер санының, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКБ) бойынша тасымалдаулардың ұлғаюын атап өтті.



🔵Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігі саласындағы тасымалдау көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 13%-ға өсіп, 26,6 млн тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша тасымалдау көлемі 60%-ға өсіп, 1,9 млн тоннаны құрады.

🤔Келіссөздер барысында ТХКБ маршрутын бірлесіп дамыту, сондай-ақ жүктердің үздіксіз өтуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс тобын құра отырып, осы дәлізді бірлесіп жүктеу туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған келісім шеңберінде ағымдағы жылдың желтоқсанында ТХКБ дәлізі бойынша Қытайдан литий-ионды батареяларды тасымалдау бойынша сынақ рейсін іске қосу жоспарлануда.



🔘Қазіргі таңда Қытайдан ТХКБ бойынша тасымал көлемі жиырмафуттық эквивалентте 27 мың контейнерден асып кетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 есе көп.Сонымен қатар, жаңа бағыттарды құру және Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер арқылы жүк тасымалдауды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.



🔘Сондай-ақ, көлік ведомстволарының үйлесімді жұмысының арқасында министлер цифрландырудың нәтижесінде рұқсат бланкілерін халықаралық автомобиль тасымалдарына айырбастаудың электрондық форматына көшкенін атап өтті. Бұл бланкілерді тікелей жүк жөнелтушілерге цифрлық платформа арқылы бір сағат ішінде алуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -