Катар-Қазақстан инвестициялық форумы: газ бен энергетикаға баса назар аудару

17776
Фотосурет: Gov

Әлібек Жамауов Дохада өткен екінші Катар-Қазақстан инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін Дохада Қазақстан мен Катардың мемлекеттік ұйымдары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен екінші Катар-Қазақстан инвестициялық дөңгелек үстелі өтті.

Іс шара барысында қатысушылар екі елдің іскер топтары арасындағы мұнай, газ және газ-химия өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бүгінгі таңда катарлық инвесторлармен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде қуаттылығы жылына 1 млрд м³ және 2,5 млрд м³ екі газ өңдеу зауытының құрылысы, жаңа КС-14 компрессорлық станциясының және «КС-14-Қостанай-Ақтөбе» магистральдық газ құбыры, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желілерінің құрылысы,

«Газ өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы ретінде Катар біз үшін стратегиялық қызығушылық тудырады. Сіздердің нарықтарыңыз біздің компаниялар үшін өте маңызды екеніне сенімдімін, өйткені катарлық серіктестермен ынтымақтастық оларға баға жетпес тәжірибе алуға және бірлескен кәсіпорындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл білікті компаниялар алдағы уақытта Қазақстанның газ саласын дамытуда шешуші рөл атқаратын болады», - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында Энергетика министрлігі мен «UCC Concession, Infrastructure, Oil & Gas» компаниясы арасында «Инвестициялық келісім», «Қуаттылық нарығы туралы келісім» және «Электр энергетикасын сатып алып-сату шарттары» сияқты бірнеше бағыттар бойынша Жол картасына қол қойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -