Сауда, инвестициялар және технологиялар: Қазақстан мен Швеция әріптестігінің басымдықтары

10626
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция Корольдігінің Сыртқы істер министрі Мария Малмер Стенергардпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, саяси диалогты жандандыру, өзара сапарларды ұйымдастыру, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ келісімшарттық-құқықтық базаны кеңейтуге ерекше назар аударды.

Тараптар тұрақты даму саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өзара ұмтылыстарын растады.

«Қазақстан Швецияны 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және «жасыл» ауысу аясындағы жобаларды жүзеге асыру жолында сенімді әрі маңызды серіктес деп санайды. Инновациялық технологияларды дамыту, «жасыл» энергетика және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту – біздің басымдыққа ие бағыттарымыздың бірі» Олжас Сүлейменов

Өз кезегінде М. Стенергард Қазақстан мен Швеция арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, швед тарапының серіктестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын растады.

«Орталық Азия – өте маңызды аймақ және біз Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуде үлкен әлеуеттін көріп отырмыз» Мария Малмер Стенергардпен

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -