Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар мемлекеттік министрі Шаза Фатима Хаваджамен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сұхбат барысында Е. Қыстафин 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар, Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының, сондай-ақ Бірлескен жұмыс топтарының отырыстары туралы айтып берді.
Елші ҚР Үкіметінің IT секторын дамыту және ынталандыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы хабардар етіп, пәкістандық тараппен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін білдірді.
Өз кезегінде Ш. Фатима бұл ұсынысты қолдап, екі елдің IT-компаниялары арасындағы өзара іс-қимылдың басталғанына қанағаттанғандығын білдіріп, тиісті құжаттарға қол қоюға дайын екендігін атап өтті.
Министрлік басшысы ҚР қаржылық технологиялар, электронды коммерция, цифрлық төлемдер және т.б. саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы зор әлеуетін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша келесі жылдың басында ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі Бірлескен жұмыс тобыны