Қаржы нарығындағы өзін-өзі реттеу: Қазақстан үздік тәжірибелерді қабылдауда

3069
Фотосурет: Gov

Қаржы нарығына қатысушылар Ресейдің өзін-өзі реттейтін ірі ұйымының басшысымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың  «Микроқаржыландыру және даму» өзін-өзі реттеу ұйымы («МжД» ӨРҰ) Кеңесінің төрағасы Эльман Мехтиевпен Ресей Федерациясының қаржы нарығында өзін-өзі реттеуді енгізудің оң тәжірибесін талқылау бойынша кездесуі өтті.

Сонымен бірге кездесуге микроқаржы ұйымдары  мен коллекторлық агенттіктер қауымдастықтарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында өзін-өзі реттейтін ұйымдарды (ӨРҰ) құру және олардың жұмыс істеуі, ӨРҰ-ның қаржы реттеушісімен өзара іс-қимылы, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері, сондай-ақ Ресей Федерациясының қаржы нарығында өзін-өзі реттеу институтын енгізудің үздік практикалары талқыланды.

Қазіргі уақытта Агенттік микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер нарығында өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бастама нарық субъектілерінің өзін-өзі реттеуін, сыртқы және ішкі факторларға икемділігі мен бейімделуін арттыру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

Тәжірибе алмасу ынтымақтастықты нығайтуда және Қазақстанның қаржы нарығында өзін-өзі реттеуді енгізудің табысты тәсілдерін қолдануда маңызды қадам болмақ.

«МжД» ӨРҰ Ресей Федерациясының микроқаржы нарығындағы 313 қатысушыны біріктіретін аса ірі ұйым, олардың үлесіне нарықтың жиынтық несие портфелінің 80%-дан астамы тиесілі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -