Пестицидтер мен ауыр металдар: Қазақстандағы топыраққа басты қауіп

22473
Фотосурет: freepik

Қазақстандағы топырақтың бүлінуі және деградацияға ұшырауының негізгі проблемалары.

19 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстандағы топырақ қабатының бүлінуі және деградацияға ұшырауы тақырыбында халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Конференцияны  Қазақстандағы ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) және Жаһандық экологиялық қоры (ГЭФ)  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Қазақстанда топырақтың пестицидтермен, ауыр металлдармен бүлінуі, жердің тозуы, шөлейтке айналып, су балансының бұзылуы сынды проблемалар әлі де өзекті. Оның үстіне жергілікті халық пестицидтердің зардабы туралы көп біле бермейді, тыңайтқыштарды  шамадан тыс әрі жөнсіз пайдаланудың кесірінен  фермерлер мен ауыл тұрғындарына айтарлықтай қауіп бар. Осы тектес экологиялық проблемалар топырақтың құнарына, өнімділігіне кері әсер етеді, сайып келгенде бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне және халықтың денсаулығына зардабын тигізеді.

Осыған байланысты, 2022 жылдан бері ФАО мен ГЭФ салалық министрліктермен бірлесе  «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жою (GCP/SEC/011/GFF)» жобасын іске асырып келеді. Жоба аясында ескірген пестицидтер сараланып, бірқатар аймақтарда бүлінген аумақтарға экологиялық тұрғыда баға берілді.  Сондай-ақ, бүлінген жерлерді сауықтырып ауыл шаруашылығына қайта пайдалану үшін топырақтың құнарын арттыру мақсатында биологиялық және фиторемедиация тәсілімен сынақ өткізілді. ФАО тәжірибесі дәлелдегендей, өзара ықпалдаса отырып, зиянкестерге қарсы әркет етудің арқасында  (IPM)  қазақстандық шаруалар пестицидтерді қолдануды 70-80 пайызға дейін азайта алады және қосымша шығынсыз және өнімділік көрсеткішін төмендетпей-ақ  экологиялық таза өнімді өндіре алады.

Конференцияда қатысушылар Қазақстанда жерді пайдалану мен игеруді жақсартудың жолдарын қарастырып, Үкіметке жолдау үшін ұсыныстар әзірлемек. 

Конференцияға қатысатын спикерлердің қатарында :  Мұрат Теміржанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, БҰҰ ШКК ұлттық үйлестірушісі; Әсел Нұржанова биология және өсімдіктер биотехнологиясы Институты; Бақытжан Дүйсембеков, Өсімдіктер карантині және қорғау институтының директоры; Самат Тәңірбергенов, Агрохимия және топырақтану Институты директорының орынбасары және т.б. 

БҰҰ Бас Ассамлеясы бекіткен Халықаралық топырақ күні /топырақты дұрыс пайдалану күні/   бүкіл әлемде 5 желтоқсанда  аталып өтеді.  Мұндағы мақсат- тұрақты даму үшін және халықтың денсаулығын сақтап, азық-түлік қауірпсіздігін қамтамасыз ету үшін топырақты, жерді дұрыс баптап, дұрыс игеруге назар аударту.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -