«Born Bold» компаниясының аясында Қазақстанның бизнес мүмкіндіктері Гонконгта таныстырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚХР Гонконг арнайы әкімшілік ауданында Қазақстанның бизнес мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті. Іс-шараға Гонконгтың мемлекеттік органдары, сауда-өнеркәсіп палаталары, қаржы қорлар мен бизнес қауымдастықтың 50-ден аса өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылуында ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА Бас консулы Алмас Сейтакынов қатысушыларды Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жағдайы мен перспективалары, Еліміздің инвестициялық климаты, сондай-ақ шетелдік инвесторларды мемлекетке тарту үшін қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.
Сонымен қатар, «KIDF» басқармасының Төрағасы орынбасары Ж. Нұржанова, Алматы қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының орынбасары А. Эралиева мен Пекин қаласындағы «Қазақинвест» АҚ-ның өкілі Д. Жансейтов мекемелерінің қызметі, сондай-ақ гонконгтық тараппен бірлесіп жүзеге асыруға мүмкін болатын әлеуетті жобалар туралы ақпараттандырды.
Гонконгпен сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынастарды жандандыру мақсатында «Born Bold» компаниясы шеңберінде еліміздің әр түрлі экономикалық секторларындағы мүмкіндіктері жөнінде бейне роликтер қатысушылардың назарына ұсынылды.
Бұдан бөлек, семинар барысында «B2B» форматында кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, 2025 жылы ҚР-ға Гонконгтың беделді екі Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерінің Қазақстанға бизнес-миссияларын ұйымдастыру бойынша мәселеге қол жеткізілді.