Қазақстан мен Астрахань шекара маңындағы сауда орталығын талқылады

4609
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Бас консулы Астрахан облысының губернаторымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесті.

Өңір басшысы қазақ дипломатын қызметіне кірісуімен құттықтап, оған табыс тіледі. Сонымен қатар, И. Бабушкин Қазақстан Астрахан облысының негізгі серіктестерінің бірі екендігін, олармен тығыз сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар орнатылғанын атап өтті. Тараптар өңіраралық өзара іс-қимылға ұдайы ерекше назар аударып келеді. Астрахан облысы мен Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары арасында жан-жақты ынтымақтастық жыл өткен сайын дамуда. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысымен байланысты жандандыру жоспарланып отыр.

Қ. Хасенов Қазақстан өңірлерінің Астрахан облысымен ынтымақтастығын одан әрі нығайту Қазақстан Республикасы Бас консулдығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Қазақстан-Ресей шекаралары маңында сауда орталығын құру, тауар айналымы көлемін ұлғайту және екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың басқа да бағыттары бойынша мәселелер қаралды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -