Швеция Парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастыққа деген қызығушылықтың артуы аталып өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстанның Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция Парламентінің «Швеция – Орталық Азия» достық тобының төрағасы Бьорн Сёдермен және Швеция Парламентінің депутаты Маркус Вишельмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, парламентаралық байланыстарды дамытуға, достық тобы аясындағы диалогты тереңдетуге, Қазақстан мен Швеция парламентшілерінің Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сияқты халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылына, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.
Қазақстан Елшісі Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан экономиканың әртараптандырылуы, инновацияларды қолдау және инвестициялар тартуға бағытталған Қазақстанның жаңа экономикалық бағдардың қазақ-швед ынтымақтастығын кеңейтудің зор мүмкіндіктері ашылып отырғанын жеткізді.
Өз кезегінде, швед депутаттары Орталық Азия мен Қазақстанның стратегиялық маңыздылығын ерекше атап, өңірмен көпжоспарлы ынтымақтастықты кеңейтудің және Швеция компанияларының Қазақстанда белсенді қатысуының зор әлеуетін ерекше атап өтті.
Осы орайда, кездесуге қатысушылар биыл маусым айында Швеция Парламентінде Орталық Азияның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-семинардың табысты өтуін жоғары бағалады.
Кездесу соңында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, халықаралық парламенттік институттар аясындағы диалогты дамытуға және келесі жылы бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлауға дайын екендіктерін растады.