Қазақстан мен Ресей қаржы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

8041
Фотосурет: pch.vector / freepik

Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы Ресей Федерациясының Федералдық Қаржылық мониторинг қызметіне ресми сапармен барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар өңірлік «ақшаны жылыстатуға қарсы» ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Фотосурет: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Терроризмді қаржыландыру және трансшекаралық қылмыспен күрес, сондай-ақ АЖ/ТҚҚ саласында кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

​​​​​​​«Дроптармен» байланысты тәуекелдердің артуын ескере отырып, тараптар қаржылық талдау жүргізу, тергеу үшін қажетті ақпаратпен алмасу және өзара іс-қимылды тереңдету туралы келісімге келді.

Фотосурет: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Екі елдің қаржылық барлау органдары қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және қолданыстағы халықаралық алаңдарда бірлескен жұмысын ары қарай жалғастыруға ниетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -