Қытайлық компаниялар қазақстандық дәнді дақылдарға қызығушылық танытуда

2123
Фотосурет: Gov

2024 жылдың желтоқсанында Қытайға жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD» өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Компания өкілдері Қазақстанға келіп, бірлескен жұмыс мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеп, қазақстандық нарықтың әлеуетін бағалады.

Делегация мүшелерімен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы кездесті.

«Қытаймен сауда қатынастары жыл сайын нығайып келеді. Біз барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделіміз» Ермек Кенжеханұлы

«Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD» бас директорының орынбасары Чэнь Хуайань компанияның қызметі туралы айтты.

Компания құрамында Қытай, Қазақстан және Таиландта бидай, жүгері, соя, арпа, ет және тыңайтқыштарды саудалаумен айналысатын 5 ұйым бар. Халықаралық сауданы кеңейту, оның ішінде арпа мен маш импортын арттыру шаралары қолға алынуда.

Кездесу соңында тараптар астық, арпа жеткізу және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -