Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты нығайтуда

1749
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.   

Кездесу барысында өткен жылдың қорытындылары және 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар күнтізбесі қаралды. 

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың оң динамикасын және мемлекет басшылары арасындағы тығыз саяси диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өзара сенім мен достық негізінде байланыстарды одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді. 

Әсіресе сауданы дамыту, экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және көлік байланысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік салаларындағы байланыстарды дамыту өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың негізгі элементтері ретінде аталып өтті. 

Өңіраралық байланыстарды нығайту мәселесі жеке қаралды. Дипломаттар екі ел облыстары арасындағы тікелей өзара іс-қимылдың маңыздылығын бір ауыздан қолдап, 2024 жылғы қазанда Самарқанд қаласында Өңіраралық ынтымақтастық форумының табысты өткенін атап өтті. 

Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен одақтастық рухында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -