Астана әлемдік кітапхана конгресін қабылдайды

2596
Фотосурет: freepik

IFLA дүниежүзілік конгресі Астанаға 2 млн еуроға жуық табыс әкеледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында Астана IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресіннің алаңына айналады. Кітапхана ісі саласындағы ең ірі іс-шара Қазақстанда әлемнің 130-дан астам елінен 4000-ға жуық делегатты біріктіреді. 

Астанада IFLA Дүниежүзілік конгресін өткізу Қазақстанның іскерлік туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Халықаралық іс-шара сала мамандарының кәсіби деңгейін жетілдіруге және кітапханалық-ақпараттық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Оған қатысушылар заманауи үрдістер мен технологияларды талқылап, қолданушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға әсер ететін кітапханалар жұмысының тиімді стандарттарын айқындайды.  Конгресс Орталық Азиядағы кітапхана қауымдастығының рөлін нығайтудың маңызды алаңына айналады. 

Президент Ұлттық құрылтай отырысында кітапхана ісі ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететінін атап өтті. Бұл бағытта Қазақстанда Дүниежүзілік конгресті өткізу ерекше өзекті және маңызды болып табылады. 

Конгресс қатысушылары үшін Қазақстанның бай мұрасымен танысуға және елдің туристік және көрнекті орындарын тамашалауға мүмкіндік бар.

Бұл МІСЕ-іс-шарасын өткізу Астанаға шамамен 2 млн еуро табыс әкеледі деп күтілуде. Жалпы кіріс шетелдік делегаттардың тұру, көлік, тамақтану және басқа да қызметтерге жұмсаған шығындары есебінен құралады. Орташа есеппен әрбір мейман өз сапары барысында шамамен 1400 доллар жұмсайды. 

Атап өткен жөн, Халықаралық кітапханалар қауымдастықтары мен мекемелері федерацияларының (International Federation of Library Associations) конгресін өткізу құқығы «Kazakh Tourism» компаниясы «Астана даму орталығы» ЖШС және «ЖОО кітапханалар қауымдастығы» ҚБ бірлесе дайындалған өтінім арқасында берілді. 

IFLA - кітапхана ісіндегі кәсіби мамандардың ең ірі жаһандық қоғамдық ұйым. Ол әртүрлі елдердегі кітапхана ісінің озық тәжірибесін жинақтайтын және талдайтын, кітапханада қызмет көрсетуді және ақпаратты ұйымдастыруда халықаралық стандарттарды белгілейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -