Женевада Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы стратегиялық бастамалары талқыланды

2101
Фотосурет: Gov

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ДЗМҰ Бас директорының орынбасары Хасан Клэйбпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік құқығын дамыту саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Министр Ерлан Сәрсембаев ДЗМҰ  әріптестікті дамыту Қазақстан үшін зияткерлік меншіктің ұлттық жүйесін және өңірдің зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ететін стратегиялық басымдық екенін атап өтті. Кездесуде осы жылдың жобалары мен бастамалары талқыланды. Олардың ішінде Технологиялар мен инновацияларды қолдаудың жаңа орталықтарын (ТИҚО) құру, зияткерлік меншік және бизнес бойынша ДЗМҰ магистрлік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Қазақстанның лицензияланбаған онлайн-контентке қарсы күрес жөніндегі ALERT жобасына қатысуы талқыланды.

Министр Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы белсенді қадамдарына тоқталды. Осындай жетістіктердің қатарында – Қазақстан Парламентінің 2025 жылғы 16 қаңтарда ДЗМҰ Марракеш шартын ратификациялауды мақұлдауы. Ол көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған жұмыстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғанын және Қазақстанның осы саладағы халықаралық стандарттарға бейімділігін атап өтті.

Ерлан Сәрсембаев ДЗМҰ-мен белсенді жұмыс істеудің арқасында Қазақстан 81-ші орыннан 78-ші орынға көтеріліп, Жаһандық инновациялық индекстегі өз позициясын жақсартқанын және осы бағыттағы жұмысты  жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар ДЗМҰ Бас директоры Дарен Тангтың 2025 жылғы 29-30 мамырға жоспарланған Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға сапары шеңберінде бірлескен халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарлары талқыланды. Алғаш рет осы форум аясында зияткерлік меншік мәселелері бойынша жеке панелдік сессия ұйымдастырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -