Қазақстан мен ЕҚЫҰ: БАҚ еркіндігін ілгерілетудегі жаңа қадамдар

6468
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі жаңадан тағайындалған өкілі Ян Братумен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы БАҚ бостандығын қорғау және ілгерілету саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің осы саладағы бірлескен іс-қимылдарының тиімділігін арттыру аспектілерін талқылады.

Елші Қазақстан сөз бостандығы мен БАҚ бостандығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған қағидаттар мен міндеттемелерді сақтауға ерекше мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар «Масс-медиа туралы» ҚР заңының жобасына БАҚ бостандығы жөніндегі өкіл кеңсесі әзірлеген сараптамалық ұсыныстары, сондай-ақ журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бастамалары үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Я.Брату қазақ тарапына оның кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, елімізбен БАҚ бостандығын ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -