Қазақстан мен Пәкістан жаңа көлік жобаларын әзірлеуде

4136
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Елшісімен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанада Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, соның ішінде теміржол және автомобиль қатынасын дамыту, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін ұлғайту перспективаларын талқылады. Екі ел арасындағы көлік дәліздерін кеңейту және транзиттік маршруттарды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) кезекті отырысын өткізуге дайындық мәселесі қарастырылды. Қазақстан тарапы іс-шараны екі жаққа қолайлы мерзімде өткізуді қолдайтынын және отырыстың күн тәртібін талқылауға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендіктерін растады, бұл Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -