Әскер боксшысы Ангелина Лукас халықаралық аренада өз шеберлігін дәлелдеуді жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Стамбулда өткен кезекті жекпе-жекте ол венесуэлалық Джоанна Суньиганы ұтты. Бұл жекпе-жекте төрешілер қазақстандық спортшыны бірауыздан басым түсті деді.
8 раундқа созылған жекпе-жекті жеңіспен аяқтадым. Осындай тәжірибе мен рингке қайта шығу мүмкіндігі үшін ризамын. Қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға рахмет! Әрбір жекпе-жек менің спорттағы өмірімнің бір бөлігі, мені алға ұмтылуға итермелейді Ангелина Лукас
Соңғы екі аптаға жуық уақытта бұл оның екінші сәтті өнер көрсетуі. Бұған дейін, 31 қаңтарда Мәскеуде өткен «IBA чемпиондар түні» турнирінде Ангелина Лукас нигериялық спортшы Айисат Орийомимен жұдырықтасып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.