2025 жылғы Азия ойындары: 10 ақпанның басты нәтижелері

6347
Фотосурет: VCG

Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль бар, деп хабарлайды DKnews.kz.

Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс медаль жеңіп алды. Команда сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Шерзод Хаширбаев өнер көрсетті.

Шаңғы жарысы: Ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде жарыста Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин қола жүлдегер атанды.

Ал Владислав Ковалев мәре сызығын 6-шы, Наиль Башмаков 10-шы, Ернар Нұрысбеков 16-шы болып кесті.

Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 500 метрге жарыста Евгений Кошкин 4-ші, Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Никита Важенин 15-ші және Роман Биназаров 16-орынға ие болды.

3000 метрге әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 4-ші, Кристина Шумекова 6-шы, Арина Ильященко 12-ші нәтиже көрсетті.

Ерлер арасында командалық спринтте Ұлттық құрамамыз 4-орыннан көрінді. Команда сапында Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин, Артур Галиев өнер көрсетті.

Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгінгі күніннің бірінші кездесуінбе Тайбэй спортшыларын ірі есеппен жеңсе (14:0), екінші матчта Қытай құрамасынан жеңіліп қалды.

Ал керлингтен ерлер Ұлттық құрамасы Филиппинмен ойнап, жеңіліп қалды. Есеп: 1-4.

Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1. Осылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -