Қазақстан мен Индонезия дипломаттары екіжақты қатынастардың болашағын талқылады

2860
Фотосурет: Gov

Астана мен Джакарта өзара іс-қимылды күшейтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Индонезия Республикасының Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейде жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

«Индонезия – Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Астана Джакартамен саяси диалог пен сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ұмтылады. Өткен жылы екіжақты тауар айналымының көлемі 5 пайызға артып, 300,5 млн АҚШ долларын құрады және екі тарап оны әртараптандыру арқылы өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін бар әлеуетті бірлесіп пайдаланатынына нық сенеміз» Әлібек Бақаев

Өз тарапынан индонезиялық дипломат екіжақты және көпжақты бағытта әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырудың маңыздылығымен келісті.

Сонымен қатар дипломаттар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -