Қазақстандық атқыштар 14 медаль жеңіп алып Азия кубогын басқарды

6952
Фотосурет: Gov

Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.

Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз

Алтын:

  • Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;
  • Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;
  • Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;
  • Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;

Күміс:

  • Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка;
  • Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;
  • Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
  • Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;
  • Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;
  • Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;

Қола:

  • Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;
  • Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;
  • Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;

Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -