Қазақстан мен Пәкістан парламенттері екіжақты қатынастарды дамыту үшін күш біріктіруде

2178
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Пәкістан парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, сенатор Сардар Сайедал Хан Насармен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Е.Қыстафин ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етіп, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Пәкістан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары екі ел арасындағы берік достық қатынастарды атап өтіп, екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге терең қызығушылық білдірді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан парламенттерінің жоғарғы палаталарының қатысуымен осы жылы бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -