БАӘ қазақстандық каратэ жетістіктерін жоғары бағалады

1287
Фотосурет: ҚКФ

Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің каратэ федерациясы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін Фуджайра қаласында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің каратэ федерациясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.

Тараптар арасындағы жиынға Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат, БАӘ-нің каратэ федерациясының президенті, генерал-майор Нассер Әл-Разуки мен Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулы Алмаз Тасболат қатысты.

Тараптар біраз пікір алмасқаннан кейін Болат Хавлахат пен Азия каратэ федерациясының вице-президенті Рашид әл-Әли мырза маңызды құжатқа қол қойды.

Осыдан соң Халықаралық каратэ федерациясы вице-президенті, Азия каратэ федерациясының президенті қызметін қоса атқаратын Нассер Әл-Разуки баспасөз жиынында сөз сөйледі. Ол бұл келісім каратэ спортын екі елде жаңа деңгейге көтеруге жол ашатынына сенім білдірді. Әрі Қазақстан каратэ спортшыларының айтулы жетістіктері мен федерациясының қарқынды жұмысын атап айтып, жоғары баға берді.

Өз кезегінде Болат Хавлахат Нассер Әл-Разуки мырзаға «ҚР-ның Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін табыстады.

Жастар арасындағы А сериясындағы турнир аясында іске асқан бұл іс алдағы уақытта Ұлттық құрамалардың бірлескен оқу-жаттығу жиындарын көптеп өткізуіне жол ашады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -