ІІМ Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының аға маманы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ұландық спортшы финалда 14,133 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
Фотосурет: olympic.kz
Екінші орын 13,666 ұпай жинаған жапондық Кацуки Минамиге бұйырды. Ал үздік үштікті 13,533 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи түйіндеді.
«Сайыста шеберлігімді көрсетуге барымды салдым. Нәтижесі де жаман емес. Осы ретте мені үнемі қолдайтын жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Жанкүйерлерімнің қолдауы маған ерекше күш сыйлайды» Милад Карими
Айта кетейік, 25 жастағы гимнаст құқықтық тәртіп әскері қатарында 2022 жылдан бері қызмет етіп келеді.