Ереванда ЕАЭО-да кедендік рәсімдерді оңайлату талқыланды

1221
Фотосурет: Gov

Қазақстан делегациясы, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевтің басшылығымен 2025 жылғы 28 ақпанда Армения астанасы Ереванда қаласында өткен ЕАЭО Кеден қызметі Біріккен алқасының 49-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Отырыста интеграцияланған біріктіру кеңістігінде кедендік процестерді жетілдіру және оңайлату жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды.

Тараптар заңсыз транзит пен халықаралық тасымалдау көлік құралдарының санкцияланбаған тасымалдарына қарсы іс-қимылға бағытталған шешімдер қабылдады. Тауарларды жіктеу және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Тауарларды шоғырландырылған тасымалдау кезінде формалдылықты оңайлатуға бағыталған ХЖТ кітапшаларын кедендік рәсімдеу бойынша келісілген тәсілдер жеке қаралды және қабылданды.

Сонымен қатар, кеден органдары ЕАЭО-да тасымалдауды бақылау үшін навигациялық мөрлерді қолдану туралы келісімді іске асыруды бастауға байланысты Навигациялық мөрлерді қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды жаңарту қажеттілігі туралы уағдаласты.

Өз кезегінде Қазақстан тарапы, Қазақстан Республикасында кедендік процестердің ашықтығын және автоматтандырылуын қамтамасыз етуге арналған жаңа «КЕДЕН» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеп тұрғаны туралы мәлімдеді.

Кеден қызметі Біріккен алқасының келесі, мерейтойлық отырысы ағымдағы жылғы II тоқсанда Қырғыз Республикасында өтетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -