Марокколық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға дайын

1584
Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ басшысы марокколық компаниялармен ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Марокко Корольдігіне ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін жетекші марокколықкомпаниялар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

«Zine Capital Invest» холдингінің президенті Нуреддин Зинмен кездесу барысында ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және логистика саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. 

«Alomra Group International» бас директоры Дрисс Беномармен сұхбат қауіпсіздік саласында инновациялық шешімдерді енгізу перспективаларына бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -