Кувейт мұнай корпорациясы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Азамат Бердібай Кувейт мұнай корпорациясы төрағасының орынбасары және бас атқарушы директоры шейх Науаф Сауд Ас-Сабахпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың маңыздылығын және осы бағыттағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Қазақ дипломаты 2025 жылғы мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысу үшін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің ресми шақыруын Кувейт мұнай корпорациясының басшысына беріп, Кувейт делегациясының форумға қатысуы Қазақстан-Кувейт қарым-қатынастарын нығайтуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.