Қазақстандық әйелдер қаржы секторын бағындыруда

4422
Фотосурет: Gov

Агенттік өкілдері гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында БҰҰ-ның «Орнықты қор биржалары» – Sustainable Stock Exchanges Initiative жаһандық бастамасы (UN SSE бастамасы) шеңберінде Қазақстан қор биржасы (KASE) Ring the Bell for ALL Women and Girls: Rights. Equality. Empowerment сауда-саттығының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Іс-шараның жаһандық серіктестері Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC),БҰҰ-ның жаһандық шарты (UNGlobalCompact), БҰҰ әйелдер (UNWomen) және Дүниежүзілік биржалар Федерациясы (WFE) болып табылады.

Жиында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шарада құқықтарды ілгерілету, гендерлік теңдікке жәрдемдесу және әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту туралы панельдік пікірталастар өтті. Сонымен қатар гендерлік алшақтық, еңбекақы және әйелдер инвестицияларының тәжірибесіне қатысты мәселелер де қозғалды.

«Жаһандық ауқымда инновациялар мен технологиялар экономикалық және әлеуметтік прогрестің негізгі қозғалтқыштарын аайналуда. Бұ лпроцесте әйелдер шешуші рөл атқарып қана қоймайды, сонымен қатар бизнес-ортаның өзгеруіне және жалпы қоғамға белсенді әсер етеді. Қаржы секторы туралы айтатын болсақ, қаржы ұйымдары әйелдердің экономикалық белсенділік дәрежесін арттыру мақсатында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде алғашқылардың бірі болып халықаралық тәсілдерді қолдана бастағанын атап өтуге болады»  Әсел Әмірбаева

Бүгінгі күні Қазақстанның қаржы секторындағы жоғары басшылық қызметтердің 27%-ы әйелдерге тиесілі, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. 2024 жылы шағын және орта бизнес секторындағы компаниялардың 60%-дан астамын әйелдер басқарады, бұл әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша мамандандырылған бағдарламаларды іске асырудың арқасында мүмкін болды.

«Агенттік қаржы нарығында ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі бастамаларды іске асыру арқылы әйелдердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Осылайша, Қазақстан гендерлік теңдікті ілгерілетуде, кәсіпкерлік пен инновациядағы әйелдерді қолдауда маңызды қадамдар жасауда. Біз әйелдердің экономикалық белсенділігінің нақты өзгерістерін, олардың басқару мен бизнестегі рөлінің артуын байқап отырмыз»  Әсел Әмірбаева

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -