Orbis Аuto автомобиль тобы Lynk & Co маркалы автомобильдердің Қазақстандағы алғашқы және жалғыз ресми дистрибьюторы аттанды. Тиісті серіктестік келісім Қытайда Orbis Аuto құрылымына кіретін қазақстандық «Lynk Auto» ЖШС мен Geely Holding Group құрамына кіретін қытайлық Lynk & Co компаниясы арасында жасалынды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ресми түрде жеткізілген алғашқы Lynk & Co автомобильдері 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады. Сатып алушыларға екі модель ұсынылатын болады: заманауи дизайн, озық технологиялар мен үздік жүріс сипаттамаларын біріктіретін 2.0 бензинді қозғалтқышы бар Lynk & Co 03 спорттық седан және кең ультра-ыңғайлы салоны бар, жоғары жабдықтау деңгейі мен инновациялық қауіпсіздік жүйелерімен және жұмсақ гибридті технологиясымен ерекшеленетін Lynk & Co 09 премиум кроссовері. Екі модель де Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы автосалондарда ұсынылады. Жақын арада модельдік қатарды кеңейту жоспарлануда.
Қазақстанда бірінші кезеңде Lynk & Сo және Zeekr брендтері бірыңғай сату стандарттарын қамтамасыз ете отырып, Orbis Аuto автомобиль тобының Zeekr дилерлік орталықтарында қолжетімді болады. Orbis Auto автосалондарынан сатып алынған Lynk&Co ресми автомобильдерінің барлық клиенттері сервистік және кепілдік қызметтерін алуға мүмкіндіктері болады.
Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры Динара Искакованың айтуынша, Lynk & Co - жай автомобиль бренді ғана емес, бұл инновацияны, жайлылықты және озық технологияны біріктіретін ұтқырлықтың жаңа буынының символы.
«Lynk & Co автомобильдері стильді, динамиканы және жайлылықтың жоғары деңгейін бағалайтын заманауи жүргізушілерге, сондай-ақ даралыққа аса мән беретін адамдарға арналған, себебі Lynk&Co өзінің жарқын және теңдестірілген дизайнымен әдеттегі автомобильдерден ерекшеленетіні анық. Біз брендтің Қазақстан нарығына ресми шығуы әуесқой автомобильшілерге автокөлікті басқару тұжырымдамасына жаңа көзқараспен қарауға және сервистің дәстүрлі жоғары деңгейінен ләззат алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз» Динара Искакова
Өз кезегінде Zeekr вице-президенті Марс Чен келісімге қол қою рәсімінде қазақстандық нарықтың маңыздылығын және Orbis Auto-ны серіктес ретінде таңдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Lynk & Сo және Zeekr компанияларын біріктіру біздің жаһандық ұстанымдарымызды нығайтудағы кезекті қадам болды. Ресми дистрибьютор ретінде Orbis Auto автомобиль тобымен ынтымақтастығымыз біздің жаһандық стратегиямызда шешуші рөл атқарады. Біз бірлесіп қазақстандық сатып алушыларға заманауи және жоғары технологиялық автомобильдерге қол жеткізуге мүмкіндік бере аламыз, сондай-ақ брендтің әлем стандарттарына сәйкес келетін премиум қызмет көрсете аламыз» Марс Чен
2016 жылы іске қосылған Lynk & Co маркасы осы уақытқа дейін Қытай нарығына он моделін шығарды, сонымен қатар Cyan Racing командасымен WTCR шанақ жарысында жеті чемпиондық атаққа ие болды. Lynk & Co бүгінгі күнге дейін 1,3 миллионнан астам көлік жеткізді. 2025 жылдың басында Lynk & Co жаңа энергия көздері саласындағы жаңа буынды жаһандық премиум бренді ретінде Zeekr Group құрамына кірді.