TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін одан әрі жақсартуда. Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. Атап айтқанда, TikTok «Отбасылық баптаулар» бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22.00-ден кейін TikTok-ты пайдаланатын жасөспірімдердің назарын аударып, тынығуына көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Отбасылық баптаулардың» қосымша функциялары
TikTok-тағы ата-аналардың бақылау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын «Отбасылық баптаулардың» іске қосылғанына бес жыл болды. Осы жылдар ішінде ата-аналардың кері байланысы мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, TikTok жаңа функцияларды бірнеше рет еңгізіп отырды. Бұл жолы TikTok қолданбасының әзірлеушілері «Демалыс» деген жаңа функцияны қосты. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді.
Енді ата-аналар:
- Балаларына TikTok-қа қол жеткізуді шектеу уақытын белгілей алады, мысалы, оқу уақытында немесе түнгі уақытта.
- Цифрлы детокстқа қол жеткізу үшін қайталанатын кестені орната алады.
- Шектеу қойылған уақыт аралығында жасөспірімнің TikTok-ты қолдану сұранысын қабылдай алады.
Оған қоса «Отбасылық баптаулардың» жаңа функциясы ата-аналарға балаларының аккаунттары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Енді ата-аналар:
- Балаларының TikTok-та кімдерді бақылап отыратынын және олардың аккаунтына кімдер жазылғанын көре алады.
- Қандай қолданушылардың аккаунттарын бұғаттағанын біле алады.
Тіпті ата-аналардың бақылауы қосылмаған кезде де, алдағы айларда TikTok жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр.
Салауатты цифрлық әдеттерді дамыту
TikTok жасөспірімдерді түнгі уақытта қолданбадан дем алуға және оны пайдаланудың саналы болуына ынталандыратын жаңа функцияны енгізеді. Егер жасөспірім 22:00-ден кейін TikTok-ты ашса, тыныш әуен қосылып, оның экранында демалыс уақыты туралы ескерту шығады.
Егер жасөспірім алғашқы ескертуді елемей, TikTok-ты қолдануды жалғастырса, оған одан да қатал бүкіл экранға шығатын қосымша хабарлама жіберіледі. Бұрынғыдай, TikTok жасөспірімдерге түнгі пуш-хабарламалар жібермейді және бұл параметрді өзгерту мүмкін емес.
Бұл функцияны қолданып көрген елдерде жасөспірімдердің басым бөлігі ескерту хабарламасын қалдыруды жөн көрді. Жақында TikTok сонымен қатар медитациялық жаттығуларды сынап көруді жоспарлап отыр, себебі зерттеулер көрсеткендей, олар ұйқының сапасын айтарлықтай жақсартады.
TikTok өз қауымдастығынан кері байланысқа сүйенуді жалғастырады, сондықтан платформа пайдаланушылардың дұрыс онлайн-әдеттер дамытуына қалай көмектесуі мүмкін екенін түсіну үшін әлем бойынша ата-аналар мен жасөспірімдермен бірлесіп зерттеу жүргізуде.
Қауіпсіз орта
Қазіргі уақытта ата-аналарға жасөспірім балаларының аккаунттарын бақылау үшін 15-тен астам қауіпсіздік және құпиялылық параметрлеріне қол жеткізе алады, олардың ішінде:
- Экран уақытына жеке шектеулерді орнату. Мысалы, ата-аналар TikTok-ты пайдалануды апта күндері 30 минутқа шектей алады және демалыс күндері қолданбада көбірек уақыт өткізуге рұқсат бере алады. Шектеуге жеткен кезде жасөспірім қосымшаны тек ата-аналардың құпия сөзін енгізгеннен кейін ғана пайдалана алады. Егер ата-аналар шектеулерді қолмен орнатпаса,18 жасқа толмаған барлық пайдаланушылар үшін күндізгі шектеу 60 минутқа орнатылады.
- Егер жасөспірім бұрын аккаунтын ашық етіп қойса, оны жекеге ауыстыру.
TikTok жасөспірімдер үшін қауіпсіз және позитивті орта құруға ұмтылады, ата-аналарға бақылаудің жаңа ыңғайлы құралдарын ұсынып, жас пайдаланушылардың саналы цифрлық әдеттер дамытуына көмектеседі.
Жасты растау мақсатындағы индустриямен және азаматтық қоғамдастықпен серіктестік
Жасты растау - бұл онлайн платформалар мен реттеуші органдары кездесетін ең қиын мәселелердің бірі. TikTok 13 жастан кіші пайдаланушыларды платформаға жібермеуге бағытталған жастық саясатты сақтауды жалғастырып, біздің платформаны пайдаланатын адамдардың жасын растаудың қосымша тәсілдерін енгізеді. Осы жұмыс аясында TikTok платформаға 13 жасқа толмағандарды жібермеу және жасөспірімдерге олардың жасына лайықты тәжірибе беру үшін машиналық оқыту сияқты озық технологияларды қолдануын жалғастырады. Сонымен қатар, TikTok жасты растау үшін ұялы байланыс операторының жас ақпаратын қалай пайдалана алатынын түсіну мақсатында Telefónica-мен серіктестік құруда. TikTok сонымен қатар Ақпараттық саясаттағы көшбасшылық орталығы мен WeProtect Global Alliance ұйымдастырған жасты растау бойынша көпжақты диалог бастамасын қолдайды. Бұл бастама онлайн-платформаларды, реттеу органдарын, шешім қабылдаушыларды, құпиялылықты және балалардың құқықтарын қорғайтын ұйымдарды біріктіре отырып, жасты растау бойынша салалық тәсілдерді талқылауға мүмкіндік береді.