Наурыз біріктіреді: Тоқаев пен Мирзиеев даму векторын белгіледі

1199
Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -