Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын $2 млрд-қа жеткізуде

1199
Фотосурет: Gov

Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін Қазақстанда өткізу мәселелері Душанбеде талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорт агенттігінің директоры Бахриддин Сироджиддинзодамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзара іс-қимылын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету және елдерімізде өткізілетін сауда іс-шараларына қатысу бойынша өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды, 2024 жылы Қазақстан қалаларында өткізілген тәжік өнімдері жәрмеңкелерінің рөлі оң бағаланды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығының 2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаю әлеуетінің кең перспективалары бар екенін атап өтті.

2024 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 1,29 млрд долларды құрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -