Эфиопия VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысатынын растады

1551
Фотосурет: Gov

Эфиопия Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Эфиопия Дінаралық кеңесінің бас хатшысы Лике Тигухан Тагай Таделемен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Эфиопия арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Б. Садықов сұхбаттасын Қазақстанда жүргізіліп жатқан дінаралық диалог саясатымен, сондай-ақ 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы VIII съезімен таныстырды.

Л. Таделе шақыру үшін алғысын білдіріп, Съезге қатысатынын растады, Қазақстанның әртүрлі діндер мен мәдениеттер өкілдері арасындағы бейбітшілік, төзімділік және диалог идеяларын ілгерілетудегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Эфиопия тарапы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің табысты өтуіне тілек білдіріп, бұл іс-шара сындарлы диалог және әлемдік дінаралық өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаң болатынын атап өтті.

Эфиопия – бай мәдени және діни мұраға ие (христиан діні IV ғасырдан, ислам VII ғасырдан бері ұстанылады). Бүгінде ел халқы 125 миллионнан асады, оның 44%-ы христиандар (негізінен Эфиопия православие шіркеуінің өкілдері), 34%-ы мұсылмандар және 23%-ы евангелистер. Негізгі діни топтарды біріктіру мақсатында 2010 жылы Эфиопияның Дінаралық кеңесі (IRCE) құрылды – діни бостандықты, үйлесімділікті және өркендеуді қолдау мақсатында елдің негізгі діни қауымдастықтарын біріктіретін ұйым.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -