Қазақстан БҰҰ-да төрағалық етеді

1342
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияға төрағалық етуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Қарусыздану жөніндегі конференцияға төрағалық етуді ресми түрде қабылдады.

Женевадағы БҰҰ Кеңсесінің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы Татьяна Валоваяның қатысуымен өткен пленарлық отырысты аша отырып, Қазақстанның Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев Конференция жұмысын транспарентті және инклюзивті түрде ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады. Ол Қазақстанның қауіпсіздіктің жаһандық проблемаларын шешудегі мультилатерализм мен ынтымақтастық қағидаттарын сақтауға бейілділігін атап өтті.

Биылғы Конференция жұмысы ядролық қарусыздану, ядролық соғыстың алдын алу, қауіпсіздіктің теріс кепілдіктері, ғарыштағы қару-жарақ жарысының алдын алу, сондай-ақ жасанды интеллекті әскери қолдануға байланысты сын-қатерлер және биологиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша мазмұнды талқылауға ықпал ететін көмекші органдарға бағытталады. Осы тұрғыда Конференцияда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастамасын талқылау маңызды болмақ.

Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде 2025 жылғы наурыз бен мамыр аралығында төрт көмекші органның сегіз отырысы өтеді.

Қазақстан ымыраға келу және консенсус рухында елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық делегациялармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға сенеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -