Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде

1298
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Қытай өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) әкімшілік орталығы Үрімші қаласына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Ә. Бақаев Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросының мүшесі, ҚХР ШҰАА Партия комитетінің Хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Шынжаң Халық үкіметі арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын талқылады, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға уағдаласты.

Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Үрімші қаласындағы ҚР СІМ Паспорттық-визалық қызметінің жұмысымен танысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -