Қазақстандық спортшы голландиялық мұзды бағындырып тарихқа енді

5984
Фотосурет: ҚР ТСМ Баспасөз қызметі

Қазақстандық конькиші Нидерландының Леуварден қаласында өткен беделді көрме турнирінде "Күміс шар" жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

100 метрге финалдық жарыста Кошкин әлемдік рейтингтің көшбасшысы, алты дүркін әлем чемпионы Джордан Штольц пен Польшаның өкілі Марек Канюді артта қалдырды. Ал жартылай финалда ол осы қашықтықта трассаның рекордын орнатып, 9.40 секундтық нәтиже көрсетті.

Бұл жетістік оның керемет маусымының жалғасы болды. Бұған дейін 2025 жылы Кошкин 500 метр қашықтықта өткен Әлем кубогының екі кезеңінде жеңіске жетіп, Харбинде өткен IX Қысқы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -