Тоқаев Грекия Президентіне құттықтау жолдады

2706
Фотосурет: liter.kz

Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -