Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңестері ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін талқылады

4664
Фотосурет: Akorda

Ташкентте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген консультациялар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың төрағалығымен өткен келіссөздер барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды. Жиынға құқық қорғау, арнаулы және басқа да мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

Тараптар халықаралық терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру бойынша ынтымақтастықты жандандыру мәселесін талқылады. Сондай-ақ құқық қорғау, соның ішінде трансұлттық ұйымдасқан және кибер қылмысқа қарсы күресті нығайту ісіне назар аударылды.

Консультациялардың күн тәртібіне әскери және әскери-техникалық салалардағы нақты іс-қимыл, төтенше жағдайлар, әсіресе, шекара маңындағы оқыс оқиғалардың алдын алу және шұғыл әрекет ету жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қойылды.

Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы екіжақты консультациялар тұрақты негізде өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -