Орталық Азия климаттың өзгеруіне қарсы күресте күш біріктіруде

4411
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 5 сәуірде Самарқандта 2026 жылғы Өңірлік Климаттық саммитке (ӨКС 2026) дайындық бойынша Екінші өңірлік консультация өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жоғары деңгейдегі диалогқа Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Н. Нысанбаев, Өзбекстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, экология министрі А. А. Абдухакимов, Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі М. А. Машиев, Тәжікстан Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау Комитетінің төрағасы Б. А. Шерализода және Монғолияның Қоршаған орта және климатының өзгеруі министиі Салдангийн О.

Орталық Азия елдерінің Экология министрліктері басшыларының кездесуі Самарқанд Климаттық форумы аясында халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының және сарапшылар қауымдастығының қатысуымен кеңейтілген форматта өтті.

Іс-шара аясында Орталық Азияның экологиялық ведомстволарының басшылары Астанада ӨКС 2026-ға дайындық бойынша өңірлік тәсілді бірауыздан қолдап, Саммит бағыттарын сапалы пысықтау үшін әр елден ұлттық үйлестірушілердің ұсынысы бойынша келісім білдірді.

Халықаралық ұйымдардың өкілдері бейімделу, азық-түлік қауіпсіздігі және климаттық қаржыландыру мәселелерінде ӨКС 2026 негізгі бағыттарына техникалық және сараптамалық қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қатысушылар ӨКС 2026 жолындағы Өңірлік Климаттық диалогты тереңдету және Тәжікстандағы мұздықтарды сақтау жөніндегі халықаралық конференция (мамыр, 2025), Қырғызстандағы "Тұрақты даму жолындағы жаһандық тау диалогы" конференциясы (сәуір,2025) аясында бірлескен іс-шаралар сериясын өткізу туралы келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -