Қазақстан мен Пәкістан теологиялық білім беруді бірлесіп дамытатын болады

3630
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Пәкістан конфессияаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Дін істері және конфессияаралық үйлесім жөніндегі федералдық министрі Сардар Мұхаммад Юсуфпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалог саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты.

С. Юсуф өз қызметі аясында Қазақстанмен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асыру ниетін білдірді.

Е. Қыстафин өз кезегінде екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары туралы, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Елші С. Юсуфке 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8-ші съезіне ресми шақыруды табыс етті.

Өз кезегінде, Министр Қазақстанның жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін заманауи сын-қатерлерге жауап беретін бірегей халықаралық платформа ретінде жоғары бағалады. Ол Қазақстан тарапымен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, съезге қатысу ниетін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты, соның ішінде Қазақстан мен Пәкістандағы теологиялық жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -