Душанбеде қазақстандық сарбаздарға арналған рәсім өтті

5522
Фотосурет: Gov

Тәжікстанда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ТМД-ның сыртқы шекараларын күзету бойынша әскери борышын орындау кезінде 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекара учаскесінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов, Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Рауфзода Сухроб, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, ардагерлер-интернационалистер одағының өкілдері, Тәжікстанның Шекара қызметінің ардагерлері мен әскери қызметшілері қатысты.

Қазақстандық дипломат 1993 жылы қаңтарда ТМД мемлекеттерінің басшылары тәжік-ауған шекарасын банды құрылымдарынан бірлесіп қорғау туралы келісімге қол қойғанын атап өтті. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Қазақстанда Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінен 8 жыл бойы тәжік-ауған шекарасын күзету жөніндегі үкімет тапсырмасын орындаған құрама батальон құрылды.

Осы кезеңде 10 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер мен офицерлер ТМД-ның оңтүстік шекарасын қорғау бойынша қызметтен өтіп, бауырлас Тәжікстан халқына көмек көрсетті.

«Осыдан тура 30 жыл бұрын Дарваз ауданындағы Пшихавар тау шатқалында қазақстандық жетінші біріктірілген ротасы шабуыл астында қалып, бес сағатқа созылған шайқас нәтижесінде 17 әскери қызметкерінен айырылып, ондаған адам жарақат алды. Қазір сол бір қиын-қыстау кезеңдердегідей біз сол оқиғалардың ардагерлерімен иық тіресіп, жауынгерлеріміздің рухын құрметтеп жатырмыз. Барлығына бейбіт аспан тілегім келеді, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Қарулы Күштері өздерінің білімі мен тәжірибесін оқу-жаттығулар кезінде ғана пайдалансын» Уәлихан Төреханов

Іс-шараға қатысушылар Тәжікстанда қазақстандық жауынгерлердің әскери антына адал болып, өз әскери борышын өмір бағасымен орындағанын құрметтейтінін және олар қорғағандардың жадында мәңгі қалатынын атап өтті.

Қазақстандықтардың ерлігін еске алу мақсатында 2007 жылы Душанбедегі Фирдавси саябағында және 2019 жылы Дарвазадағы қайтыс болған сарбаздардың қызмет өтеген жерінде мемориалдық тақталар орнатылды, оған адамдар жыл сайын гүл шоқтарын алып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -